Бейсенбі, 09 мамыр, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Ауаға ақша төлеп отырмыз»: тұрғындар шенеуніктердің уәдесінен шаршады

04.08.2023

486 0

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Батыр ауылының тұрғындары судың орнына ауаға ақша төлеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бес жыл бұрын тартылған құбырмен аптасына екі мәрте су келуі керек болған. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір тамшы да ақпаған. Бірақ судың төлемі ай сайын келіп тұрады. Соның өзі әркімге әрқалай жіберіледі. Біреулер мың жарым теңге төлесе, келесі үйден үш мың теңгені талап етеді.»Есептегіш ауамен айналады, алмаған суымызға, ауаға ақша төлеп отырмыз. «Маңғыстау жылуға» барсаң, бәрібір төлеу керек, міндетті деп айтады. Әне, есептегіш құрал су келгенде ауамен айналады», – дейді тұрғындар.Ал су таситын көліктер төрт текше метр суға 10 мың теңге алады. Тұрғындар су тапшылығы қолдан жасалып отыр деп сайнады. Бұған дейін әкімдердің қатысуымен бірнеше рет жиналыс өткен. Бірақ мәселе шешілген жоқ.Шенеуніктер Мұнайлы ауданында жазда су мәселесі күрт қиындайтынын айтады. Толық қажетті өтеуге 22 мың текше метр су қажет. Қазір оның жартысынан астамы ғана келіп жатыр.»20 шілдеден бастап ауданда берілетін су көлемі 14 мыңға көбейтілді. Батыр ауылына құбырмен беріп отырғанбыз, осыған дейін, құбырдан аз келуіне байланысты бере алмай қалдық. Енді 14 мың текше метрді жеті ауылға бөліп беріп жатырмыз», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.Жауапты басшылар осы аптадан қалмай, суды кестеге сәйкес, яғни жетісіне екі күн береміз деп уәде етті. Бірақ халық сенбей отыр. Өйткені ондай уәдені соңғы үш жылда түрлі басшыдан естіген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: