Жексенбі, 28 сәуiр, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі алқаптарда шегірткелер күрт көбейді

12.07.2023

501 0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздің алқаптарында шегірткелердің көбеюіне күн сәулесінің белсенділігі мен 11 жылда бір келетін көбею мерзімі себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің мәліметінше шегірткелердің үш түрі тараған. Олар азиялық, марокколық және күн сәулесі белсенділігіне байланысты көбейетін итальяндық прус шегірткелері. 

«Олардың көбейетін мерзімді тұсы әр 11 жыл сайын болып тұрады. Биылғы және келесі жылы бізде дәл осы ең көбейетін тұсына келіп тұр. Шегірткелердің жыл сайынғы таралуы орташа көрсеткіштен он, жиырма есе көп болады. Шегірткелер салыстырмалы түрде айтсақ, 100 немесе мың жұмыртқа басуы мүмкін. Шегірткелердің бұл циклі биылғы шарықтау жылына түседі», – деді Қарашөкеев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: