Жексенбі, 28 сәуiр, 01:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

АУЫЛДАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

16.06.2023

454 0

Шаһар басшысы Асылбек Шаменов халықпен тығыз байланыста болу, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-тілектерін жүзбе-жүз тыңдау мақсатында тоқсан сайын кездесу өткізіп, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмай кезең-кезеңімен шешілуде.Қала әкімінің елдімекендерді аралау сапары бүгін де өз жалғасын тауып, Қызылөзек, Талсуат, Ақжарма және Ақсуат ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігі мен қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар барысы сараланды.Қызылөзекте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 173 млн 832 мың теңге бөлініп, 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу және 2 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүруде.Асылбек Өмірбекұлы кездесуде ауыл әкіміне мемлекет ұсынған бағдарламаларға көбірек қатысуды, елдімекеннің тыныс-тіршілігін әлде де ширатуды тапсырып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді. Ауылдағы ағайын өзекті мәселелердің шешімін тауып келе жатқандығын айтып, қоғамдық көлік қатынасын реттеуді сұрады. Бұл талап қыркүйек айына дейін орындалатын болды.Содан соң Талсуат ауылына ат басын бұрған қала басшысы елдімекен ажарын келтіруге бағытталған жұмыстармен танысты. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа елді мекендегі көшелердің түнгі жарық бағаналарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округтегі 13 көшені электрмен жабдықтау үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен қаржысы шешілді.Сондай-ақ, «Қызылорда-Траст» және «Орда Автодор» ЖШС конкурс жеңімпазы деп танылып, ауылдағы 8 көшені асфальттау жұмыстары басталып кетті. Ауыл тұрғындарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көрсеткіші артып, жыл басынан 13 тұрғын жылқы, қой, түйе, шаруашылығы, жылыжай құрылысы, жүк тасымалдау жобасымен жалпы сомасы 77 млн.760 мың теңге несие алды.Өткен жылы құрылысы басталған 150 орындық клуб ғимараты тамыз айында пайдалануға беріледі. Ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жасалынып, түнгі жарықтандыру сияқты инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жоспарлары бар ауылдың тұрғындары қала әкімімен кездесуде елдімекендегі жүйелі жұмыстарға көңілі толатынын айтып, бірқатар көкейде жүрген мәселелерін жеткізді. Шаһар басшысы ұсыныстардың оң шешу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына жүктеді.Қала әкімінің жұмыс кестесіндегі келесі елдімекен – Ақжарма ауылдық округі. Ауылда көптен бері өзекті мәселенің бірі саналып келген дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.Округте бұқаралық спорт түрлері жақсы дамуда. Спорттық үйірмелерде 192 жасөспірім спортпен шұғылдануда. Қазіргі кезде «Талдыарал» футбол клубы облыстық «В» тобында ойын көрсетуде. Ақжармалық жасөспірімдер өнерде де оқ бойы озық атанып келеді. Мәдениет үйіндегі Гүлназ Рысбекова «Қазақстан дауысы» балалар мега жобасына 6000 қатысушы арасынан жолдама алып, көрмей таңдау кезеңінен жекпе-жек сынына өткен.Ауылдың инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында ауқымды жұмыстардың жобалы-сметалық құжаттары дайындалып, оң шешімі күтілуде. Яғни, Баймұрат батыр ауылындағы арықтарға науа салу, 3 көшеге орташа жол жөндеу, Талдыарал елді мекеніне тренажер жабдықтары мен футбол алаңын салу, елдімекенге газ жүргізу секілді жұмыстар атқарылады.Елдімекендегі өзекті мәселе ұялы байланыстың, интернет жылдамдығының төмендігі. Оған қатысты шұғыл шаралар қабылданып, жауапты мекемемен бірлесе жұмыстар жасалынады.Қала әкімінің жұмыс кестесін түйіндеген келесі елдімекен Ақсуат ауылдық округі. Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасап жатқан қолдауының арқасында бұл ауылда 524 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жаңа жұмыс орындары ашылды.Ең өзекті мәселелердің бірі саналған табиғи газбен қамтамасыз ету шешімін тапты. Жыл басынан бері «Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржылық ұйымы арқылы «Іскер» бағдарламасымен 42,1 млн. теңгені құрайтын 7 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 10,9 млн.теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасымен 4 жоба қайтарымсыз грантқа ие болды.Ауылдық округ тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасына 127 жоба ұсынылды. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 3 спорт ойын алаңы, көше тренажеры және мектептерде спорттық үйірмелер жұмыс жасауда. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ауыл орталығынан 239 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылысын жүргізіп, биылғы жылы пайдалануға бермек.Ауыл халқымен кездесуде шаһар басшысы тұрғындардың өзекті ұсыныстарын тыңдады. Асылбек Өмірбекұлы мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктер ағынын ауыл әкімдері тиімді пайдалану қажеттігін айтып, жауапты сала басшыларына жоспарланған жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.«Өздеріңізге белгілі, ауылда бүгінгі күнге дейін шешімі табылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың барлығы өткен жылғы кездесуімізде көтерілген өзекті мәселелер. Бұл халықтың ұсыныс-тілектері ешқашан назардан тыс қалмайтынының айқын дәлелі. Барлық жұмыс тікелей өз бақылауымда болады»,- деді қала әкімі Асылбек Шаменов.Тоғыз жолдың торабында орналасқан шаһар мен оған қарасты кент және ауылдық округтердің күрмеулі мәселелерін шешіп, даму қарқынын бәсеңдетпеу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғаса бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: