Жұма, 03 мамыр, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бағаның төмендігі қазақстандық жанармайдың шетелге сатылуына ықпал етуде

04.04.2023

556 0

Осыған байланысты еліміз жанармай тапшылығына ұшырауы мүмкін.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы жанармайдың қымбаттау себебін түсіндірді. 

– Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі   бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен  салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында, – деді миинстр.

Мысалы, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық  – 101 пайыз.    

Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт. 

Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша).

Фото: ашық дереккөздерден

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: