Сәрсенбі, 16 қазан, 05:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Байқоңыр қаласында тұңғыш рет Аналар форумы өтті

26.08.2022

3677 0

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Байқоңыр қаласында «Сыны мен сыры бөлек Сыр аналары» тақырыбында аналар форумы өткізілді.

Форумның басты мақсаты – әйел ананың қоғамдағы орны мен рөлін күшейту, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі аналардың еңбегін айшықтау, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру.

Қаламыздағы кәсіпкер аналардың өнімдері қойылған көрмемен басталған іс-шара, «Аналар форумына» ұласты.
Маңызды мәселелер қозғалған жиынға Қызылорда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, облыстық маслихат депутаты, Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Абибуллаева Аида Ибрагимқызы, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы қатысып, қазақи тәрбие мен отбасы құндылықтары талқыға салынды.

Форумға жиналған жұртшылық отбасындағы ата-ананың орны мен бала тәрбиесі сынды бірқатар өзекті мәселелер қозғады.

Қаладағы белсенді кәсіпкер аналар марапатталып, шара концерттік бағдарламамен, қазақи нақыштағы сән көрмесімен жалғасын тапты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: