Сенбі, 27 сәуiр, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада санитарлық-гигиена сақталмаған

28.07.2023

448 0

Жетісу облысы Қабанбай ауылындағы «Қуаныш 2» балабақшасында шу шықты. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды. 

Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына шағымданды. Айтуларынша, мұнда балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі екен.

Сондай-ақ терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақандар ата-аналардың жағасын ұстатты. Осыған орай өңірдің санитарлық дәрігерлері аталған мекемеде жоспардан тыс тексеріс бастады.

Зертханалық зерттеулерге ас блогының 4 персоналынан бактерия тасымалдаушылыққа алынған сынамалардан теріс нәтиже анықталды. Дайын тамақ өнімдерінен алынған 4 сынама оң нәтиже көрсетіп, 20 шайындының 2 сынамасынан ішек тобы таяқшасы бактериялары анықталды.

“Зертханалық зерттеулерге дайын тамақ өнімдерінен микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге сынама, микробиологиялық зерттеуге патогенді микрофлораға шайынды алынды. Нәтижесі жұмыс үстінде, тексеріс жалғасуда. Бүгін аяқталады. Тексеріс нәтижесі бойынша санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады”, – деді облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: