Жұма, 29 наурыз, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Балаңыздың ойыншығы қауіпсіз бе?

20.05.2023

637 0

Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Ата-аналар көп жағдайда ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән бере бермей, баланың сұраған ойыншығын ойланбастан алып беріп жатады. Тіпті оның қаупі туралы ойлана бермейді. Мамандар ойыншық сатып аларда оған жауапкершілікпен қарау керектігін айтуда.
Қазақстанда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі «Ойыншықтар қауіпсіз¬дігі туралы» кедендік одақтың техникалық регламенті бойынша реттеледі. Дәл осы құжат ойыншықтар сапасы мен қауіпсіздігін қаматамасыз ететін бірқатар талаптарды бел¬гілейді. Ал азаматтар балаларға ойыншық сатып алуда неге назар аудару керектігі жайлы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба¬қылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова айтып берді.
− Ойыншықты таңдау кезде ең алдымен қаптамасына назар аударыңыз. Онда ойын¬шықтың атауы, өндіруші туралы ақпарат пен оның орналасқан жері, баланың жасы, техникалық регламентке сәй¬кестігі, тұтыну қасиеттері туралы деректер, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары көрсетіледі. Яғни ойыншықтың қаптамасындағы жазулар өнім туралы толық ақпарат беруі тиіс.
Сонымен қатар ойыншықтың иісіне де мән беру маңызды, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде анықтауға болады. Ойыншықтардың өткір, жағымсыз иісі болмауы керек және ойын¬шықтың боялған бетінің беріктігін тек¬серу керек. Ойыншықтар өндірісінде қол¬да¬ны¬латын бояғыш заттар қауіпті, оның құрамына формальдегид, фенол, фе¬ноксил, метил, изгобитурат сынды басқа да заттар кіреді. Ойыншықтарда осы қауіпті зат¬тардың деңгейі мөлшерден асып кетсе, бала өміріне үлкен қауіп төндіреді. Кішкентай балалар ең алдымен ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, нәтижесінде сапасыз ойын¬шық болса оның құрамындағы химиялық зат¬тар ағзаға еніп, балалардың бүйрегі, бауыры, асқазаны, иммундық жүйе¬сіне қауіп төндіреді, сондай-ақ әртүрлі аллер¬гия¬лық әсері болуы мүмкін. Ойын¬шықтардың бояуы немесе лактың түс¬кенін көрсеңіз, алмағаныңыз жөн. Ондай ойын¬¬шықтар баланың сілекей және тыныс алу жо묬¬дары арқылы баланың ішкі ағзасына түседі, − дейді департамент басшысы.
Назар аударатын тағы бір жағдай, ойын¬шықтардың үшкір бұрыштары мен қисық шеттері болмауы тиіс. Себебі мұндай ойын¬шықтар баланың жарақаттануына әкеп соқ¬тырады. Сондай-ақ ойыншықтың айрықша өткір, жарық түстілерін, қорқынышты құбыжық түрлерін алмауға тырысу қажет, ол баланың көру сезіміне және психологиясына теріс әсер беруі ықтимал.
− Тағы бір маңызды нәрсе естеріңізде бол¬сын, Қазақстанның сауда нүктелерінде са¬тылатын ойыншықтарда өндіруші мем¬лекетіне қарамастан, жүргізілген зерт¬теулерге негіз¬делген сәйкестік сертификаты, яғни олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы шарт. Сәйкестік сертификаттары бүкіл кеден одағында жарамды. Бірақ базарларда олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешбір құжатсыз саудалайтын жағдайлар да жоқ емес, − дейді облыстың бас санитары.
Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі аймақтағы сауда орындарындағы ойыншықтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу ая¬сында 2022 жылы сауда орындарынан ойыншық өнімдерінің 70 сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеу жүргізілген. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 63 пайызы өзге елдерде өндірілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер үлесі 36 пайыз.
Жүргізілген зертханалық сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімнің 28 үлгісі, яғни 40 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шыққан. Талаптарға сай болмай шыққан өнімдердің екеуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген болса, 26 сәйкессіздік Қытай, Өзбекстан елдерінің өнімдері. Сараптама нәтижелерімен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анық¬талған импорттық өнімдер туралы ақпарат комитетке тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданған.


А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: