Сәрсенбі, 01 мамыр, 11:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Баласын үйде қалдырып, сыртынан есікті бекіткен ана аяқасты жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан

22.07.2023

309 0

Алматылық дәрігерлер аса ауыр жағдайдағы жүкті әйелді аман алып қалды. Күрделі отаны қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мамандары жасаған, – деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Тоғыз  күн бұрын болған оқыс оқиғаны Жансая еске алуға да қорқады. Өйткені, әне-міне өмірге сәби әкелемін деп отырғанында, айтып келмеген аурудан ес жия алмапты. Емханаға ештеңе ойламай, тексерілу үшін бардым деген әйел ойда жоқта жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

«Үшінші скринингте осындай диагноз қойды. Ісік пайда болды, қан қысымы 180-ге көтерілді.  Сондықтан бірден перзентхана келіп түстім, ота жасады. «Қазір келем» деп,баламды үйде қалдырып, сыртынан есікті бекітіп кеткем. Аяқ асты осы жағдай болды», – деді науқас Жансая .  

Науқас ауруханаға түскенде дәрігерлер дертке себеп болған үш факторды анықтапты. 4 сағатқа созылған күрделі отаны мықты деген мамандардан құралған бригада жасаған. Сондай-ақ орталық өкілдері мұндай жағдай көпте кездесе бермейтінін айтты. Олар үшін анықталған аурудан адамды аман алып қалу – күтпеген қуаныш.

«Ота кезінде анализдердің талдаулары бойынша науқасты  преэкламсия ауруының асқынған түрі хэлп синдромы анықталды. Ол синдром сирек кездеседі. Көп жағдайда ана өліміне әкеп соқтыратын», – деді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бөлім басшысы Балзия Әбілмажинова.

Қиындықтарға қарамастан, өмірге сау бала дүниеге келді. Дегенмен, босанғаннан кейін жас ананың ес жиюы 3 күнге созылыпты. Орталық мамандарының айтуынша, өткен жылдың өзінде 9000-нан аса әйел өмірге сәби әкелген. Оның 300-ге жуығында преэклампсия диагнозы байқалған. Қазір бұл ауру жүктілік кезінде жиі кездесетін дерттің көшін бастап тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: