Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Басты міндет – ауылдарды көркейту

04.06.2024

713 0

Сурет:қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Серік Қожаниязовтың халықпен кездесуі Қарауылтөбе, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінде де өтті. Бұл кездесулерде шаһар басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы перспективалық даму жоспарлар жайымен бөлісті. Ал, тұрғындар көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерін ортаға салды. Қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар беріліп, шешілуі уақыт талап ететін ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

Өткен жылы Қарауылтөбе ауылында құны 286,3 млн. теңгені құрайтын 150 орындық клуб үйі ел игілігіне берілді. Биылғы жылға бюджеттің барлық көздерінен 868 млн. теңгеге ауқымды жобалар жүзеге асады. Атап айтар болсақ, жаңадан қоныстанушы аумақта жаяу жүргіншілер жолын салу, көшелерге тас төсеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Ауыл халқы дәрігерлік амбулаторияның қажет екендігін айтады. Оған қатысты қажетті шаралар қабылданады. Ал, мектептің жылыту жүйесін газға ауыстыру кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені бұған дейін жылыту жүйесінде дизель отыны пайдаланылып, ол экономикалық жағынан тиімсіздігін көрсеткен. Бұл сұраққа байланысты облыстық білім басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылады.

Ал, Қараөзек ауылдық округінде серпінді істердің нәтижесі мол. Биылғы жылғы жоба-сметалық құжаттарға сәйкес, 2024-2025 жылдарға өтпелі 1 млрд. 655 млн. теңгені құрайтын жобалар жүзеге аспақ. Яғни, 3 елдімекендегі электр желілері қайта жаңғыртылады. 3 көшеге жол құрылысы, түнгі жарық орнату, балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар үшін ең маңызды мәселе – «Қожақ» автомобиль көпірін күрделі жөндеуден өткізу жоспарға енді.

Талсуат ауылының тұрғындары да мектептің жылыту жүйесін газға ауыстыруды сұрайды. Шаһар басшысы бұл мәселе Қарауылтөбедегі мектепте де бар екендігін айтып, екі елдімекеннің сұранысы ескерілетінін жеткізді.

Жалпы, Талсуат ауылдық округін дамыту бағытында 213,4 млн.теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Оның ішінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көшеге түнгі жарық орнату, көшелерге ағымдағы жөндеу, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: