Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Белкөл кенті: Тұрғындар қауіпсіздігі алаңдатады

12.12.2020

15870 0

«Әкімге алты сауал» айдарының кезекті сұрағы Белкөл кентінің әкімі Ардақ Ибраимовқа жолданған еді. Кент әкімі қызметіне жыл басында тағайындалған ол бүгінге дейін атқарған жұмыстарын саралап берді. Кентте шешімін таппаған өзекті мәселені де жасырмады.

– Сынды қалай қабылдайсыз?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш, тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндетіміз деген болатын. Орынды сын айтылуы тиіс. Оған құлақ асуымыз керек.

– Биыл біткен іс? 

– «Жұмыспен қамту жол кар­та­сы» бағдарламасы аясында рес­публикалық бюджет қаражаты есебінен биыл кенттегі жалғыз мем­лекеттік «Балапан» балабақшасы күрделі жөндеуден өтті. Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елді мекенінің кіре-беріс жолына, Железнодорожная, М.Есмаханов, Т.Абуов, Зеленая көшесі және қалалық бюджет қаражаты есебінен Бірлік, Әбдіқадыров көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердегі көше­лерді жарықтандыру бойынша жергілікті бюджеттен 3-Линия көше­сіне және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Зеленая көшесіне жарық бағаналары орнатылды. Абаттандыру бағыты бойынша К.Әбдіқадыров көшесі мен теміржол өткелі арасындағы тұйыққа тас төсеу және жаяу жүргіншілер жолы салынса, Бірқазан елді мекеніне балалар ойын алаңы салынды. Сондай-ақ «Үңгіттердің қорымына» баратын жолға қиыршық тас төселді.

Әлеуметтік нысандар мен көп­қабатты тұрғын үйлерді кенттегі жылу орталығы жылумен қамтамасыз етеді. Былтыр жылу орталығы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 3 дана газ қазандығы және тозығы жет­кен жылу құбырлары, биыл ұзын­дығы 1 037 метрді құрайтын квар­талларалық жылу жүйелері жаңадан ауыстырылды.

– Биыл үлгере алмаған ісіңіз?

– Кенттегі клубтың жағдайы сын көтермейді.  Кентке мәде­ниет үйін салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып ар­найы жер телімі белгіленді. Қазіргі таңда мем­лекеттік сарап­тамадан өткізі­луде. Осы жобаны жүзеге асы­руға биыл үлгермедік. Келесі жылы бюджетке енгізіп, мәде­ниет үйін салсақ, халықтың алғысына бөленеріміз анық. 

– Сіз үшін кенттегі ең өзекті әрі күрмеуі қиын мәселе?

– Кенттегі өзекті мәселенің бірі – теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу. Белкөл кентінде тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар теміржолдың екі жақ бетінде орналасқан. Тұрғындар оң жақ беттегі мешітке немесе жағажай демалыс орнына бару үшін темір­жолдан өтуге мәжбүр. Ал сол жағында әлеуметтік маңызды нысандар орналасқан, яғни мек­теп, балабақша, емхана және қа­лаға қатынайтын қоғамдық кө­ліктер жүреді. Теміржолдан өту – тұрғындарға қауіпті. Жүр­гіншілер көпірін салу ең бірінші кент тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет.

– Шағын және орта биз­несті дамытуда мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысы қалай?

– Шағын және орта биз­несті дамытудың «Еңбек», «Биз­нестің Жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар эко­но­микасы» мемлекеттік бағдар­ламалар шеңберінде биыл 12 тұр­ғынның жобасы қолдау тапты. Экономиканың әртүрлі салалары бойынша жаңадан кәсіп ашты.  Бұл жаңа 45 жұ­мыс орнының құрылуына ықпал етті. Алдағы уақытта да кентте кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік бағдарла­маларды насихаттау және түсін­дірме жұмыстарын жүргізу  жал­ғасады.

– Алдағы жоспармен бөліс­сеңіз…

– Қазіргі таңда қаламызда жол инфрақұрлымын дамытуға көңіл бөлініп, көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мұн­дай жобалардан кентіміз кенже қалып тұр деп айтуға болмайды. Дегенмен жөндеу қажет ететін көшелер де жоқ емес. Сондай-ақ жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі де бар. Бұл жұмыстар қаражат ыңғайына қарай, кезең-кезеңімен шешімін табады деген сенімдемін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: