Сәрсенбі, 13 қараша, 21:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Биыл өңірде ұзындығы 368 км құрайтын жол жөнделеді

27.12.2022

664 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420 км құрайды. Осыған сәйкес, биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткіші 82 пайызға өсті. Сондай-ақ, осы жылы жалпы ұзындығы 368 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері толық жөндеуден өткізілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов хабарлады.

-Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздегі автомобиль жолдары мәселесіне баса назар аударып, жергілікті жолдардың сапасына мән беру керектігін және 2025 жылға дейін облыстық маңызы бар жолдардың жағдайын 95 пайызға жеткізуді тапсырды. Осы бағытта биыл облыстағы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 17,6 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы бөлінетін қаржыға облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен қала және елді мекендердегі көшелерді жөндеуге бағытталады. Тағы бір өзекті мәселе – «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының қайта жөндеу жұмыстары бүгінде басталды. Құрылыс жұмыстары 3 жыл мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің «Қызылорда – Ақтөбе» бағытын кеңейту және қайта жандандыру мәселесі назардан тыс қалған емес, – деді облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: