Бейсенбі, 28 наурыз, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Биылдан бастап әлеуметтік топтаманың орнына әр балаға 5 175 теңгеден төленеді

09.01.2023

630 0

1 қаңтардан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі.

2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әр мүшесіне, яғни әр балаға төленетін АӘК-тің орташа көлемі – 6 650 теңге болды.

Табысы аз отбасы балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5 174 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұл ретте кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттан гөрі ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар көп болды.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың өтінішін ескере келе 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды.

Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақша беріледі.

Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: