Жексенбі, 13 қазан, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен сотталған 9 азамат жұмыс тапты

08.12.2022

512 0

Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін оларды жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Осы орайда Қызылорда қалалық прокуратурасы мен  қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» орталығында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне»  пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қатысты.

Жәрмеңкеге  23 жұмыс беруші мекемеден  75 бос жұмыс орыны ұсынылды. Оның ішінде электрик, слесарь, жүргізуші, есепші, аспазшы, тігінші мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған  9 азамат өзіне лайықты жұмыс тауып, жолдама алды.

– Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметті-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық көмектерді көрсетеді. Жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға да құқықтық көмек көрсетіп,  арнайы курстарды оқытуға да ықпал жасаймыз. Жыл басынан  79  сотталған  тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің  қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 48  адам  квотамен жұмысқа орналасты», – деді қалалық пробация қызметі  бастығының орынбасары, әділет капитаны Р.Сыздықов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: