Жұма, 27 желтоқсан, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 1 шілде күні сізді не күтіп тұр

01.07.2023

1061 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйікті адамыңызды өсек-аяңнан сақтаңыз, оған сенетініңізді көрсетіңіз және оған барлық жағынан қолдау көрсетіңіз. Бүгін сізге айналаңызда болып жатқан оқиғаларды бағалау қиын болады, өйткені сіз үнемі қиялға ерік бересіз. Бұрыннан пайда болған идеяларыңызды кейінге қалдыра тұрыңыз: бүгін оларды жүзеге асырудың қолайлы уақыты емес. Ұсақ-түйекке мұқият болыңыз. Бұған дейін нені назардан тыс қалдырғаныңызды байқасаңыз, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін түсінесіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады. Үйдегі ұсақ-түйек кикілжіңдерден құтылудың жақсы тәсілі – олардың бірін жоғалтып алудан қорқу. Осыны елестетіп көріңіз де, жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Үйіңіздің ауасы таза әрі кең болғанын қаласаңыз, сөрелерден ескі «шаң жинағыш» декорларды алып тастауға тырысыңыз. Бөлмелердегі шағын декорларсыз сізге үйді тазалау да оңайырақ болады. Сүйіктіңізбен жанжалдасып қалсаңыз, дегеніне көнуге дайын болыңыз. Өйтпеген жағдайда, соңы үлкен түсінбестікке ұласуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз. Серіктесіңіздің қалауына да мән беріңіз, бәлкім ол жұмысқа басымен кіріп кеткісі келетін шығар. Ол кездесуден гөрі жұмысына көбірек мән бергісі келсе, онда ұстамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Қаржылық және бюрократиялық мәселелерді шешуге қолайлы күн. Өз тәжірибелеріңізге мұқият болыңыз. Сізді не мазалағанын түсініңіз. Жеке мәселелерді шешіңіз, ішкі кедергілерді жеңіп шығыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз: әр адамның өз өмірі, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар. Жасқа байланысты өзгерістер туралы аз алаңдауға тырысыңыз: олар мүлдем табиғи, оларда ұят немесе жағымсыз ештеңе жоқ. Есіңізде болсын, сұлулықтың «жас» стандарттары тек пайда табуға бағытталған.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін, әсіресе үй шаруасында абай болыңыз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін. Отбасыңызбен бір айдың жоспарын талқылаңыз. Жұмыс және демалу үшін уақыт бөліңіз. Бірге өткізген уақыт ата-аналар мен балалар қарым-қатынасын жақсартады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күнделікті ас мәзіріңізге мән беріңіз: сіз ақуызды тым аз немесе көмірсуды көп қолданып қоюыңыз мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға зиян. Сіз сәттілікке әкелетін ерекше шешімдерді жиі қабылдайсыз. Тәжірибе жүргізіңіз, үйреншікті мәселелерді шешудің жаңа әдістерін қолданып көріңіз. Бұл күнделікті бірсарынды тірліктен мезі болмауыңызға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі. Егер сіз демалысты жоспарласаңыз, оны достарсыз өткізгеніңіз дұрыс: бірлескен сапарда бір-біріңізден мезі болу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдаңыз, оларға барып, қамқорлық жасаңыз. Денсаулық гигиенадан басталады: компьютер пернетақтасы мен ұялы телефонды жиі дезинфекциялаңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер біраз уақыттан бері шаршап жүрсеңіз, демалыс алыңыз. Ішкі жан-дүниеңіздің жай-күйі денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін, өзіңізге қамқорлық жасаңыз. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүруге міндеттімін деген ойдан арылыңыз: адамның түрлі көңіл-күйде болуы – қалыпты жағдай, сондықтан жақсы көңіл-күйде жүргендей кейіп танытудың еш қажеті жоқ. Қандай жағдай болмасын, өз көңіл-күйіңізді сол күйінде қабылдаңыз, өзіңізді кінәламаңыз және шынайы сезімдеріңізді білдіруден тосылмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз. Жақсы ұйқы күш-қуатыңызды қалпына келтіреді. Денсаулығыңызды жақсарту үшін шөп шайы мен ароматерапияны қолданыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: