Сенбі, 27 сәуiр, 08:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бұл емхананың ерекшелігі қандай?

18.07.2022

717 0

Үнемделген уақыт дәрігерге де, науқасқа да тиімді. Бұл – ең бірінші дертті дер кезінде анықтап жоюдың жолы. Осы ретте заманауи технологиялар көмегі аса қажет. Ал емханада білікті мамандар қатары толысқаны емдеу мекемесінің беделін биіктете түседі. Бұл ретте №5 емхананы ерекше атап өтуге болады.
«Гагарин» шағын ауданында орналасқан емдеу мекемесі шағын болғанымен емханаға күнделікті келіп көрінушілер қатары қалың. Ал дәрігер жағалап, әр кабинеттің тосып, кезек күткен халықтың өз уәждері бөлек әңгіме.
Мұнда дәрігерлердің басым бөлігін жастар құрайды. Жас демесеңіз, жоғары білімді үлкен мамандардан дәріс алған тәжірибелі жандар. Алды академия тәмамдаған. Олар ақ халатты абзал жан деген ардақты атқа дақ түсірмей жұмыс істеуді міндет санайды. Сондай мәртебелі мамандық иесі – Ақжанат Жүнісова.
Ол 2010 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Оның алған атақ дәрежесі – елдің берген ақ батасы. Ол соны өзіне құт санайды, көңіліне медеу тұтады. Жоғары білімді мейірбике оқуын бітіріп, елге келгесін, облыстық медициналық орталықта бес жыл еңбек етті. Содан соң №5 емханаға қызмет ауыстырып, қазір осында халыққа қажетті емдеу жұмыстарын жетілдіріп келеді. Ол бұл салаға кездейсоқ келген емес. Дәрігер болу бала күнгі арманы. Атасы Нұртай Ысқақов та өңіріміздің денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл табысты еңбек еткен майталман маман. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған сала ардагері. Сонымен қатар інісі мен келіні де осы салада еңбек етуде.
– Емхана жұмысы сырттай қараған адамға жеңіл көрінгенімен жауапкершілігі жоғары. Алдыңа келген науқасқа жылы шырай танытып, жанына батқан дертіне дауа табуға тырысамыз. Бұл – біздің бірінші борышымыз. Жылдың қай мезгілі болса да ем алушылар қатары сиреген емес. Қазір оқушылар каникулда және жеміс-жидектің пісіп жатқан уақыты. Сондықтан балалар арасында жедел-ішек инфекциясы белең алып тұр. Бір айта кетерлігі, жаз мезгілінде конго-қырым геморогиялық қызбасы да адамдар арасында көбейіп жатады. Осының алдын алған жөн. Біздің емханаға 37 мың тұрғын тіркелген. Қызылжарма, Талсуат Айнакөл елі мекендеріне жыл сайын жаңадан қоныстанушылар қатары артып келеді. Осыған байланысты адам саны көп. Дегенмен дәрігерлер межелі уақытта үлгеруде. Сондай-ақ портал кезегінде тұрған науқастарда көптеп саналады. Барлығын реттілігіне қарай жолдамамен жатқызып жатыр. Емхана медициналық міндеттемесіне сәйкес ауруларға қолайлы жағдай туғызып отыр, – дейді №5 емхана дәрігері Ақжанат Нұрланбекқызы.

Емхананың Бас дәрігері басшысы Жақсылық Абдусаметовтің бастамасымен заманауи технологиялармен толыққанды қамтамасыз етілген. Оған білікті мамандар жұмысқа алынды. Рентген кабинетіне күнделікті келушілер қатары көп болмағанымен тексерушілер аз емес. Соның бірі – «Гагарин» шағын ауданының тұрғыны Бибайша Нұрқасымова.
– Жасы келген адам ауруға бейім тұрады екен. Көптен бері көкірек тұсым шаншу ұстап арнайы тексерілуге келіп отырмын. Өзім жылына бір мәрте дәрігерлерге қаралып тұрамын. Жаңа апаратпен тексеріліп шықтым. Денсаулығымның дұрыстығын естіп, бір марқайып қалдым. Үлкен адамға ауырмай отырғанының өзі байлық. Дәрігер Сәуле Нұрханқызына үлкен алғыс айтамын. Жас болсада өз ісіне мығым маман. Қоғамның басты байлығы адам болса, адамның басты байлығы денінің саулығы деп дұрыс айтылған, – дейді қала тұрғыны Бибайша Нұрқасымова.
Адамзат жанына пайдалы екі мамандықтың бірі – дәрігерлік. Ал ауырмаудың тиімді жолы дұрыс тамақтану мен уақытылу ұйықтау деген даналар өсиетінің астарында аласармас ақиқат жатыр.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: