Сенбі, 27 сәуiр, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Челах 10 жыл бұрынғы шындықтың бетін ашпақ

21.12.2022

401 0

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтірді деп айыпталып, өмәр бойына сотталған Владислав Челах Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, тергеуді қайта бастауды сұрады, деп хабарлайды  Азаттық радиосы.

Челах өз хатында оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі айтуға дайын екенін және «жазықтылардың барлығы» өз жазасын алуы керегін мәлімдеген. 

«Мен көп нәрсе сұрамаймын, тек тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіз болды. Мен оқиғаның қалай болғанын айтқым келеді және дайынмын. Мен тергеушілерге барлық жауапты беруге әзірмін. Қайғылы жағдайдың қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды», – деп жазды ол. 

Челах президентке жазған хатында бекетке шабуыл жасағанын айтады. Сонымен қатар жасамаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын жеткізді. 

2012 жылы 28 мамырда «Арқанкерген» бекетінде 15 адам оққа ұшқан. Оның 14-і әскери қызметкерлер, соңғысы орманшы еді. Жаппай қырғынға қарағандылық Владислав Челах кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталған. Ол жазасын Қостанай облысындағы Жітіқара түрмесінде өтеп жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: