Жұма, 21 қаңтар, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Елде коронавирус індеті аяқталғанын мәлім етті

02.06.2021

738 0

Израильде коронавирус індеті аяқталды. Ел билігі ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенін мәлімдеді. Енді шектеулерді біртіндеп алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруханалардың коронавирус бөлімшелері жабылды. Сырқаттанушылық көрсеткіші тәулігіне жиырма жұқтырғандардан аспайды. Израильде COVID эпидемиясы толығымен жойылды. Он миллион адам тұратын елде халықтың жартысынан көбі вакцина салдырды. Сарапшылардың пікірінше, балалар мен жасөспірімдер вакцина салдырмаса да, Израильде ұжымдық иммунитет қалыптасты деп айтуға болады.

«Бізде халықтың 60 пайыздан астамы вакцинацияланған. Сонымен қатар, ресми мәліметтер бойынша, тоғыз жүз мың адам ауырған,  яғни біз ұжымдық иммунитетке келдік», – дейді профессор, иммунолог, Адасса Эйн – Керем Иерусалим клиникасының бөлім меңгерушісі Полина Степенская.

Сырқаттанушылық саны өсіп жатқан жоқ, вакцина коронавирустың қазіргі мутациясына төзімді. Бірақ тыйымдардың алынғанына қарамастан, билік дүкендер мен кеңселерде маска режимін сақтауды талап етеді.

Тағы бір айта кетерлігі, карантин шаралары жеңілдегенімен, Израиль әлі шекарасын ашуға асығар емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: