Бейсенбі, 07 қараша, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Еліміз интернет үзілуінен 410 миллион доллар шығынға ұшыраған

26.01.2023

634 0

Қазақстан интернет үзілуінен 410 миллион доллардан астам шығынға ұшырады. Бұл туралы Atameken Business сайты хабарлайды. 

Өткен жылы жалпы алғанда 23 ел интернет үзілісінен зардап шекті. 

«Осы деректерге сәйкес, Қазақстан 2022 жылы 410,3 миллион доллар жоғалтып, интернетті өшіруден келген шығын бойынша әлемдегі алғашқы үштікке енді», – деп жазады дереккөз.

Бұл рейтингте екінші орында интернет үзілуінен 773 миллион доллар шығынға ұшыраған Иран тұр. Бірақ ең көп зардап шеккен Ресей басқа елдерден әлдеқайда озып кетті. Ол желі проблемаларына байланысты рекордтық 21,59 миллиард доллар жоғалтты.

Орта Азия бойынша тек Қырғызстанда ғана ғаламтордың ең ауқымды үзілу жағдайы орын алмаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: