Бейсенбі, 20 маусым, 19:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Елімізде нан бағасы 250 теңгеге дейін өседі – Сарапшылар

15.07.2022

583 0

Сарапшылары нан бағасының өсуіне наразы. Олар бұл әлеуметтік маңызы бар өнімнің құны 250 теңгеге дейін және одан да көп өсуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business порталы.

Сарапшылар басты себеп ұн бағасының күрт өсуі екенін айтады. Жаздың басынан олар үш пайызға өскен. Ұн тартушылар мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің ағынына алаңдауда.

«Нан 250 теңгеден қымбат болады. Барлық Кеден одағына қатысушы елдер арасындағы сауда саясатын ажыратудың шешілмеген мәселелері біздегі осы өнімдердің бағасында үлкен алыпсатарлықтың пайда болуына алып келеді. Сондықтан нан бағасы қымбаттайтынына таң қалмаңыз», – деді экономист Айман Тұрсынқан.

Астық өңдеушілер мен ұн тартқыш мамандар нан бағасының өсуіне олардың істеген жұмыстарының қатысы жоқ екенін айтады. Басты себеп экспорт. Қазір шетелге дайын өнім емес, шикізат сатылып жатыр. Соның салдарынан елде өңдеп шығаратын шикізат қоры азайған.

«2022 жылдың шілдесіне Қазақстанда 2300 ұн тарту компаниясының 174-і ғана қалған. Олардың өзі тек өз бағасына жұмыс істейді, кіріс тек екі пайызды құрайды»- деді Дос-Мұқасан Таукебаев.

ҚР Ауыл шаруашылығы минитсрлігі Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты әлемде біздің ұнға сұраныстың артқанын растайды.

“Бұл факторлар қазақстандық ұн мен бидайдың көп өндірілуіне әсер етті. Статистика бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында олардың экспорты 2,025 миллион тоннаны құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға көп. Ағымдағы жылдың 8шілдедегі мәліметі бойынша экспорт 3,035 миллион тоннаға жетті”,-деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: