Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі орыс тілді балабақшалар жабылатыны рас па?

06.06.2023

411 0

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаның қазақ тіліне көшуіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік балабақшалардың басым көпшілігі – қазақ тілді.

Біз қазіргі уақытта талдау жүргізіп жатырмыз, кейінірек нақты ақпаратты тарататын боламыз. Бірақ орыс тілді балабақшаларды жабу мәселесі ешқашан болмайды. Біз мемлекеттік тілде оқытуды күшейтеміз, – деп түсіндірді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бүгінде елде 11 мың балабақша болса, оның жартысы – мемлекеттік тілде деп отыр.

Біз қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік пен сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Балабақша ұйымында мемлекеттік тілде ғана проблема жоқ, тәрбиешілер де жеткілікті, сұраныс та бар. Мемлекеттік тілде балабақшалардың ашылуы – табиғи заңдылық, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: