Жұма, 19 сәуiр, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

03.08.2022

696 0

– 4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

4 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық болуы ықтимал. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с. Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –18 м/с. Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында найзағай ойнайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: