Сенбі, 27 сәуiр, 23:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Еліміздің бас шыршасы қашан жағылады?

17.12.2022

629 0

Елорда әкімдігі ауқымды Astana Muz Fest 2022 фестивалін өткізуге дайындалып жатыр, шара аясында еліміздің бас шыршасы жағылады. Шырша EXPO көрме орталығында орналасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа жыл қарсаңында қала билігі ұйымдастырған фестиваль тура бір аптаға созылмақ.  Ресми ашылуы EXPO көрме орталығының алаңында өтеді. 

«19 желтоқсан күні сағат 18:00-де шарада еліміздің бас шыршасы жағылады, кеш қазақстандық әртістердің, хордың, Аяз ата мен Ақшақардың өнер көрсетуімен жалғасады. Астана қонақтары мен тұрғындарына «Ғажайыптар түні» ертегі мұз шоуы ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальдің ашылуында «әлем халықтарының ертегілері» тақырыбында мұз мүсіндері байқауының жеңімпаздары марапатталады. Жарықтандырылған мүсіндер фестиваль басталғанға дейін 3 күн бұрын салынады», – делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: