Бейсенбі, 02 мамыр, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Енді Елбасы емес: Конституциялық сот Назарбаев туралы заңның күшін жойды

11.01.2023

660 0

Конституциялық сот парламент депутаттарының ұсынысын қарап, Елбасы туралы заңның күшін жою жайлы қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Конституциялық сот мәлім еткендей 5 қаңтарда депутаттар тобынан Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші келіп түскен. Сонымен қатар “Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?” деген сауал қойған. 

“2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады”, – делінген қаулы мәтінінде. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: