Жұма, 10 мамыр, 01:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Енді құмар ойын ойнаушылардың жеке мәліметі салық органдарына беріледі

05.02.2024

399 0

Фото: Stan.kz

Елімізде букмекерлік кеңселер мен лотерея ұйымдастырушыларды әр ойын мен оның қатысушылары туралы барлық деректі Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беруге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне мына мәліметтерді өткізуге тиіс:

қатысушының ЖСН нөмірі, қатысушының ойын сессиясының басында салған сомасы, тіккен бәс мөлшері, нәтижесі, құмар ойынының немесе оқиғаның әр нәтижесіндегі бәстің есептелген ұтыстарының немесе ұтылыстарының сомасы, есептелген жеке табыс салығы, қатысушының төлеген ақшасы және ойын сессиясының соңында қалған сомасы.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, алынған ақпараттың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: