Сәрсенбі, 08 мамыр, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты міндет

09.12.2022

775 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Келер жылдан бастап еңбек нарығы саласында бірқатар жаңалық болмақ.  Соның бірі – кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін сақтау. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, елде 179,9 мың белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бар. Соның 58,5 мыңы қызметкерлерін міндетті сақтандыру туралы шарт жасасқан. Жасыратыны жоқ, кейбір жұмыс берушілердің қызметкерлерін сақтандырумен қамтамасыз етпей, еңбек қауіпсіздігін сақатамағандықтан түрлі жазатайым оқиғалар орын алып жатады. Сол себепті келесі жылға 119,9 мың кәсіпорын тарапынан қызметкерлерді сақтандыру шартын жасасу міндеті тұр.

– «Келесі жылы кәсіпорындар қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын, электрондық еңбек шарттарын ресімдеуді және барлық жалдамалы қызметкерлер бойынша уақытылы әлеуметтік аударымдарды қамтамасыз ету керек. Бұл көрсеткіштер ескеріледі», – деді министр Тамара Дүйсенова.

Атаулы әлеуметтік көмек: Ата-ана баласына керегін өзі алады

Келесі жылдан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы (әлеуметтік топтама) монетизациялау есебінен табысы аз отбасылардың балаларына әлеуметтік қолдау күшеймек. «2023 жылы АӘК беруге 73,9 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджетте отбасының әрбір мүшесіне тікелей атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 59 млрд теңге және әлеуметтік топтаманың орнына ақшалай төлемдерге тағы 9,5 млрд теңге көзделген. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Айта кетелік, АӘК тағайындау отбасының цифрлық картасы арқылы анықталатынын, ал төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл әлеуметтік көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте министр жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің назарын АӘК алушылардың ішіндегі еңбекке қабілеттілерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге назар аударуға шақырды. «Біз мұқтаж жандарға әлеуметтік көмекті тікелей көрсетеміз, балаларды қолдауды күшейтеміз. Әкімдіктер өз кезегінде еңбекке қабілетті АӘК алушыларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуды қамтамасыз етуі, еңбек қатынастарының ресімделуін және жұмыс істейтін АӘК алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын бақылауы, сондай-ақ республикалық бюджеттен 80 пайыз және жергілікті бюджеттен 20 пайыз қоса қаржыландыру үлесінің сақталуын ескере отырып, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауда ұстауы қажет», – деді министр.

Жастарға мүмкіндік немесе 2,5 пайыз несие

Жастар үшін жағымды жаңалық. Келер жылдан бастап кәсіп бастағысы келетін жастарға 2,5 пайыздық несие берілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, мемлекет басшысының жастарды кәсіпке ынталандыру мақсатында төмен пайызбен несие беру жүзеге аспақ.

– 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын несие беру шаралары қаралуда. Оның пайыздық мөлшері 2,5 пайызды құрайды. Бүгінде ереже жобасы жасалып, «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Басты шарты – кепілдік болуы тиіс. Ол міндетті түрде  үй емес, бағалануы тең басқа да мүлік болуы мүмкін. Несие мөлшері 5 млн теңгеге дейін. Берілу мерзімі – 5 жыл. Егер несиені ауылшаруашылығы саласында кәсіп бастауға, мал бағуға алатын болса, 7 жылға дейін беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, несие алған жастарға 1,5 жылға үзілік берілмек. Яғни осы мерзімде ай сайынғы жарна төлеуден босатылады. Бір сөзбен айтқанда, кәсібін бастап кеткенше барынша қамқорлық жасалмақ.

Таксистер салық төлейді

Жаңа әлеуметтік кодекс еңбек нарығына біршама өзгерістер әкелмек. Жаңа кодекс бойынша таксистерге де тықыр таянды. Мұны да тұрақты кәсібі еткен таксистер енді салық төлейтін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

 – Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыс істейтін таксистер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлем жүргізеді, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: