Жұма, 26 сәуiр, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ерекше стильдегі әуежай

20.05.2023

787 0

Биыл «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен Сыр өңірінде Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылысы жүргізілуде. Аумағы 3,9 гектар болатын жаңа әуежай құрылысының жобасы 33 миллион АҚШ долларын құрайды.

Заманауи үлгіде салынып жатқан нысанда халықаралық стандартқа сай жолаушыларға барлық жағдай жасалады. Жоспар бойынша әуежай келер жылдың мамыр айында ел игілігіне берілмек.
– Жаңа әуежай терминалының құрылысы биыл ақпан айында басталды. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары жоспарға сай орындалуда. Ауқымды жобаға тапсырыс беруші – «Болат Өтемұратов қорының» қаржыландыру есебінен «Accent Deleopment Solutions» ЖШС. Ал жобаның бас мердігері – «Elite Insaat» және «Ava Construction» ЖШС мекемесі. Бұл әуежай тер¬миналы Қызылорда облысының экономикалық және инвестициялық жағдайын көтеруге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Әуежай көлемі – 7,5 мың шаршы метр болса, терминалдың өзі 2 қабатты. Сондай-ақ бұл нысанда жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Жалпы жаңа әуежай терминалы сағатына 250 жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Соны¬мен қатар мұнда халықаралық және жергілікті рейс қатынайды, – дейді Болат Өтемұратов қорының жоба жетекшісі Абай Нұрмұханов.
Әуежай терминалының құрылыс жұмысын жүргізуге 300 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ жаңа ғимарат пайдалануға берілген соң онда 64 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Жоба меңгерушісі Алпай Өздемирдің ай¬туынша, жаңа жолаушылар терминалы ерек¬ше архитектуралық стильде бой көтереді. Екі қабаттан тұратын ғимараттың бірінші қабатының биіктігі – 8 метрді, ал екінші қабаты – 6 метрді құрайды. Ғимараттың қаңқасы металл құрылымдарымен жаб¬дықталған. Бұдан бөлек, жаңа әуежай тер¬миналында тіркеу орнының аймақтары, жалпы күту залы, билет кассаларының дүңгіршектері, қоғамдық тамақтану орындары, дербес тіркеу орны, намазжай, ана мен бала бөлмесі, транс¬ферлік жолаушыларға арналған зал болады.
Мамандар жаңа ғимарат пайдалану¬ға берілген кезде көлік саласының көрсеткіштері бірнеше есеге артатынын айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: