Сейсенбі, 07 мамыр, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Газдалған сусындар мен сағыздың құрамында қатерлі ісікке әкелетін қауіпті зат бар – ДДСҰ

15.07.2023

617 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше аспартам деген жасанды тәттілендіргіш қатерлі ауруға душар қылуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 

Аспартам – кәдімгі күнделікті дүкен сөрелерінен түспейтін газдалған сусындардан бастап түрлі сағыз құрамында бар екен.

Халықаралық ұйым өкілі Франческо Бранканың деректеріне сәйкес бір топ америкалық зерттеуші өндіріс компаниялары аспартамды қанттың орнына жиі қолданылатынын жеткізген.

Ғалымдар бұл зат тіпті қатерлі ісікке әкелетінін дәлелдеген. Адамдар оны күніне 40 мг-нан артық тұтынбауы тиіс, дейді олар.

Ал аспартамның адам денсаулығына қауіптілігін өндіруші компаниялар жоққа шығарып отыр. Ғалымдардың дәйектері жеткіліксіз болғандықтан енді ДДСҰ және Азық-түлік, ауыл шаруашылығы ұйымдарының мамандарынан құралған комитет зерттеу-тексеру жұмыстарына кірісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: