Жұма, 06 желтоқсан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлзира Айдарбекова балаларының қайсысы сенімді екенін айтты

28.11.2024

547 0

Ана жүрегі ұлдарының бәрін қашан да уайымдап жүретінін айтады. Үш ұлының ішіндегі ең сенімдісі, уайымдатпай, ең тыныш жүретіні кенже ұлы Заңғар көрінеді. Бұл туралы продюсер өзінің Instagram желісіндегі сторисінде айтқан.

«Қайрат жайлы айтсам бүкіл желіге тарап кетеді де, неге басқа ұлдарыңызды мүлдем айтпайсыз деп жатады. Барлық бала ана үшін бірдей. Қанша жерден бақытты көрінгенімен, жүрегінде тыныштық жоқ. Амалсызсың, әрқайсын уайымдап отырасың. Аян тура әкесіне ұқсайды. Бірден ашуланады, тез басылады. Қалтасында ақша жүрмейді, шашып жібереді. Заңғар шынында түк уайымдатпайды. Туғаннан солай болды. Керісінше бізге ақыл айтқыш. Ешкімнен көмек те сұрамайды. Өзінің жағдайын реттеп жүреді. 1-сыныптан ақша жинағыш еді. Үлкендері содан қарыз алып жүретін. Сәл жетпей қалса әлі күнге дейін содан сұрау әдет бәріне. Заңғарым мені уайымдап жүреді. Кішкене еркелігі бар, бірақ уайымшылдау. Заңғарды уайымдай бермеймін. Ол өз орнымен жүреді, ақылдасады, бәрін дұрыс жасайды», – дейді продюсер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: