Сенбі, 24 ақпан, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

«Халық не десе, сол болады»: Сенат төрағасы Бекболат Тілеуханның елорданың қазіргі атын қалдыру туралы ұсынысына жауап берді

08.09.2022

699 0

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елорданың атауын өзгертуге қатысты Бекболат Тілеуханның сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл мәселеде адамдар өз пікірін айтуға құқылы. Азаматтың өз пікірін айтуға мүмкіндігі болуы керек, яғни бұл тұрғыда қудалайтындай саясат жоқ. Ең бастысы, халықтың пікірін ескеруіміз керек. Халықтың, қала тұрғындарының пікірі – негізгі фактор. Осы орайда жарияланып жүрген ұсыныстарды естіп, Мәжілістің депутаттары тиісті бастаманы көтеріп жатыр. Бұл тұрғыда халық не айтса, сол болуы керек. Халық қолдаса, осындай шешімдерге баруымыз тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сенат төрағасы бұл мәселеде ешқандай саяси ойындар жоқ екенін, яғни Қазақстан халқының пікіріне назар аударуға мән берілгенін айтты. 

Осы орайда журналистер «Қаланың атауын Нұр-Сұлтанға ауыстыру асығыс шешім болған жоқ па?» деген тағы бір сұрақ қойды. Әшімбаев «Жаңа Қазақстанда» осындай мәселелер халық үніне құлақ асатын мемлекеттің назарынан тыс қалмау керектігін айтты.

«Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың пікірін ескеріп, қоғамдағы ойлардың бәрін пысықтап, шешім қабылдау. Астанаға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Талқылау процесі жүріп жатыр, мәжіліс депутаттары көтерді. Оны қазір жан-жақты қарауымыз қажет және ең бастысы халықтың пікірін ескеруіміз керек «, – деп түйіндеді Әшімбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін экс-мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтан қаласының қайта бұрынғы атымен аталуына қарсы шығып, Нұр-Сұлтан атауын тарихи әділеттілік деп атаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: