Жұма, 26 сәуiр, 17:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ипотека аларда не білу керек? 10 қадам

26.12.2022

672 0

Қазақстанда ипотека алу үшін неден бастау керек, қайда бару қажет? Krisha.kz ипотека рәсімдеудегі 10 қадам.

  1. Өзіңіздің мүмкіндігіңіз неге жететініне көз жеткізіңіз. Сіз сатып алғыңыз келетін баспана қазақстандық нарықта қанша тұратынын біліңіз. Бастапқы жарна да маңызды. Көп жағдайда бастапқы жарнасыз ипотека берілмейді. Көптеген ипотекалық бағдарламада ол 10 пайыздан басталады. Егер 30 миллионның үйін қарастырсаңыз 3 миллион теңге бастапқы жарна беруіңіз қажет болады. 

Ипотека алғаннан кейін ай сайынғы төлейтін ақшаңызды білу де маңызды. Барлық несиеңіз табысыңыздың 50 пайызынан аспауы қажет деген заң бар. Егер жалақыңыз 400 мың теңге болса, сізге егер басқа несиеңіз болмаса, 200 мың теңгеден артық ипотека рәсімдеуге болмайды.  

  1. Банк мамандарынан кеңес алу. Өзіңізге қолайлы шартты білу үшін бірнеше банктен кеңес алыңыз. бұл кезеңде құжаттар әлі қажет емес. Банктен мына нәрселерді анықтап алыңыз: 

қандай ипотека бар?
кепілді тұрғын үйге қойылатын талаптар қандай?
банк қанша теңге беруге дайын?
бастапқы жарна қанша?
жылдық тиімді мөлшерлемесі қандай?
ипотека мерзімі қанша? 
ай сайынғы төлемнің шамамен сомасы
артық төлем сомасы
кешіктірілген айыппұлдар
қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда төлемдер кестесін өзгерту шарттары?

  1. Өзіңізге қажет баспананы іздеңіз. Ипотеканың мәні – сатып алынған тұрғын үй кепілге айналады. Ал банк үй кепілде болса белгілі бір шарттар қоя алады. 

Қайталама нарықтағы үйді алсаңыз, оның қашан салынғаны маңызды. Ең көп дегенде 50 жыл бұрын салынған үйді ғана аласыз. Одан артығын (60, 70, 80 жыл бұрын салынғандарды) алуға болмайды. Сондай-ақ материалға қойылатын талаптар бар – кірпіш, монолит, панель үйлер қарастырылады.

Егер баспананы таңдасаңыз сатушымен мәміле туралы келіссөздер жүргізесіз, олардан тұрғын үй құжаттарының көшірмелерін дайындауды және сатудан түскен ақша түсетін шот ашуды сұраңыз.

  1. Баспанаға баға беріледі. Ол арнайы лицензиясы бар маманды шақырасыз, ол өз қызметі үшін кемінде 15 мың теңге алады. Ал үй баағсы бойынша есепті 1-4 күн аралығында дайындап береді.  
  2. Банкке өтініш бересіз. Ол үшін қажет құжаттар: 

Төлқұжат;

Сатып алынатын баспанаға құқық белгілейтін құжаттар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту, мұрагерлік туралы куәлік;

Баспана бағасы туралы есеп. 

Өтінім банктің кредиттік комитетінің қарауына шығарылады. Ипотека туралы шешім қабылдау бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.

Қандай жағдайда сізге ипотека берілмеуі мүмкін?

Несие тарихыңыз нашар болса; 

Зейнетақы жинағының болмауы; 

Тұрақты жұмысыңыз болмаса. 

  1. Тұрғын үйді сақтандыруды рәсімдеңіз. Өтінім мақұлданған кезде, ипотекалық шартқа түпкілікті қол қою үшін жылжымайтын мүлік, мысалы, су тасқынынан, өрттен сақтандырылуы керек. Бұл міндетті кезең. Өзіңіз қалаған сақтандыру компаниясын таңдайсыз. Баспана бір жылға дейін сақтандырылады және одан әрі созылуы керек. Оның құны ипотекаға байланысты. Мысалы 30 миллион теңгеге ипотека рәсімдесеңіз, бірінші жыл шамамен 70 мың теңгеге сақтандыруыңыз мүмкін. 
  2. Сатып алу-сату шартын ресімдеңіз. Тұрғын үйді сатып алу-сату шарты нотариуста ресімделуі керек. Осы кезде сіз сатушыға банктен ақша аударуға кепілдік хатын бересіз. Бұл хатта банк сатушыға құжатты мемлекеттік базада тіркегеннен кейін сатып алу-сату шартында көрсетілген соманы төлейтіні көрсетілген.

Ипотека кезінде сатып алу-сату шартын ресімдеу құны 4 АЕК – 12 252 теңге. Жеңілдікпен ресімдеу үшін банктен ипотекалық қарыз беру туралы хабарлама әкелу қажет. Бұл соманы сатушы мен сатып алушы дәстүр бойынша 50/50 төлейді.

  1. Банкте ипотекалық шартқа қол қоясыз. Ипотекалық шартта: міндеттеменің мәні, оның мөлшері мен орындалу мерзімі; кепілдің мекенжайы; қарыз алушы мен банктің құқықтары мен жауапкершілігі көрсетілуі тиіс. Құжатпен мұқият танысып шығыңыз. 
  2. Ауыртпалықты рәсімдеңіз. Түсіндіре кетейік: енді сатып алынған тұрғын үйге ауыртпалық, яғни кепіл беру керек. Бұл да қарыз алушының міндеті. Кепіл шартын нотариуста немесе бүгінде Қазақстанның көптеген банкі жұмыс істейтін блокчейн технологиясының көмегімен ресімдеуге болады.
  3. Мәмілені аяқтаңыз. Сатушы сатып алу-сату шарты тіркелгеннен кейін 14 күн ішінде банктен есеп айырысуды алады. Сіз пәтердің иесі боласыз, бірақ сіз кепілге банктің рұқсатымен ғана иелік ете аласыз.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: