Сенбі, 04 мамыр, 00:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ірі жол апатынан 9 адам қаза тапты

17.07.2023

264 0

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қаза болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

«Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді», – деді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: