Жұма, 17 мамыр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ішімдікке тойған әйел балаларымен көпқабатты үйдің кіре берісінде ұйықтаған

19.07.2023

374 0

Желіде ақтаулық әйелдің балаларымен көпқабатты үйдің подъезінде жатқаны туралы видео тарады, – деп хабарлайды inAktau.kz сайты.

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Видео авторының сөзінше, көпқабатты үйдің подъезінде мас әйел жатыр, қасында тағы екі кішкентай баласы жатыр екен. Оқиға куәгерлері полицияға жүгінген. Ал балалар жаурап қалмауы үшін үйіне кіргізбек болған, алайда балалар кіргісі келмеген. Куәгерлер балаларға төсеніштер әкеліп берген.   

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 16 шілдеде сағат 23.40 шамасында 102-ге әйел адам балаларымен 11 шағынаудандағы №33 үйде мас күйде жүргені туралы хабар түскен.    

«Оқиға орнына келген полицейлер әйел адам мен кәмелетке толмаған балаларын көрген. Оның жеке басын анықтау барысында оның тұрғылықты жерінің жоқтығы белгілі болды. Балалар облыстық ауруханаға жеткізілді. Әйел адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», – деді ведомство өкілдері. 

Полиция әйел адам үйсіз деген ақпаратты растамады. 

Ал Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, балалардың жағдайы жақсы. Олар алдағы 7-10 күнде медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: