Жұма, 29 наурыз, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Экология вице-министрі депутаттардың сынына қалды

06.06.2023

366 0

Депутат Мұқаш Ескендіров қоқыс тастайтын жерлер мен қайта өңдеу туралы қойған сауалына алдын ала жазылған жауапты оқып бергені үшін Экология вице-министрін сөкті. Айтуынша қарапайым сұраққа парақта жазылған есепті оқып беру дұрыс емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте депутат Мұқаш Ескендіров Экология вице-министрі Ғалидолла Әзидуллиннен өздігінен қоқыс төгу және қалдықтарды өңдеу мәселелерін қалай шешіліп жатқаны туралы сауал жолдаған. Алайда қарапайым сұрағына алдын ала дайындалып жазылған мәліметтерді вице-министрдің парақтан оқып беруі депутаттың шамына тисе керек.

“Егер вице-министрлердің өзі осындай қарапайым сұраққа жауапты қағаздан оқып беріп тұрса, басқа не туралы айтуға болады?” – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров.

Кейін мәжілісмендер нақты әрі мазмұнды жауаптың орнына, парақтан есеп тыңдады. Қайтадан жауап беруді сұрағанымен, жазбаша берілетіні мәлімделді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: