Сәрсенбі, 08 мамыр, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Электр қуатын тұтынуға шектеу енгізілді. Апаттық жағдай жарияланды

16.12.2022

451 0

Қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарында электр қуатын тұтынуға шектеу енгізіліп, «апаттық жағдай» жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«KEGOC» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше 2022 жылдың 7 желтоқсанында электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткіші тіркелген. Ақпаратқа сәйкес елдегі электр станцияларындағы жиынтық генерациясы 15 203 МВт болғанымен, елде 16 459 Мвт энергия тұтынылған. Тапшылық Ресей энергожүйесінен келген жоспардан тыс қуат ағыны есебінен жабылды. 

«Электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі ҚР электр станцияларында жиі апаттық және жоспардан тыс жөндеу салдарынан туындайды. Айтарлықтай теңгерімсіздік туындаған жағдайда Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша «Апаттық» режимін жариялауға мәжбүр», – делінген ақпаратта. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: