Жұма, 03 мамыр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Келесі аптада Қазақстан мәжілісі мерзімінен бұрын таратылады деп күтілуде

11.01.2023

551 0

Келесі аптада VII сайланған парламент мәжілісі мерзімінен бұрын таратылады деп күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі дереккөзге сілтеме жасап жазады.

«Мәжілістің қазіргі құрамы шамамен 16 қаңтарда таратылады деп күтілуде», – делінген ақпаратта.

Дереккөз мәжілістің мерзімінен бұрын таратылуы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын жариялаған парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлауды тағайындаудың басты шарты екенін түсіндірген. VII шақырылымдағы мәжіліс депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау шамамен наурыз айының ортасында өтуі тиіс.

Сенат сайлауының 14 қаңтарға белгіленгенін айта кетейік.

Осылайша, Тоқаев бұған дейін айтқанындай, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін парламенттің қос палатасында сайлау өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: