Жұма, 03 мамыр, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кітапханашылар күні бекітілмей қалды ма?

11.10.2022

1258 0

Жыл басында кәсіби мерекелер қатарына тағы бір мереке қосылатынын БАҚ өкілдері жарыса жазған еді. Жақсы жаңалықты жеткізуге асығатын қалам ұстаған қауым еңбегі еленбейтін кітапханашылар жайын жазып, енді олардың мәртебесін көтеру қажеттігін де атап айтқан еді. Алайда…

 Жыл басында бұл туралы «Айқын» газеті бұл тақырыпта былай деп жазыпты: «Мәдениет және спорт минис­трлігі «Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қау­лыға толықтыру енгізетін Үкі­меттің жаңа қаулысының жобасын әзірлеп, қоғам талқысына шығарды. Премьер-Министр Әлихан Сма­йыловқа түсіндірме жазбасында Мә­дениет және спорт министрі Дәу­рен Абаев бұл бастама вице-пре­мьер Ералы Тоғжановтың 2021 жыл­ғы 5 тамызда берген тапсырма­сына сәйкес көтеріліп отырғанын жазды. Бұған қоса, 2021 жылғы 24 тамызда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова №270 бұйрығымен «Қазақстанда кітапханаларға оқырмандарды тарту және кітап оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» бекітіпті. Соның 67-тармағында кітапханашылардың төл мерекесін белгілеу көзделген екен. «Жобаның мақсаты – кітап­ханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ын­таландыру», – дейді Д.Абаев».

Алайда бұл күн бекітілмей қалғанға ұқсайды. Кітапханашылардың қайсыбірінен сұрасақ та бұл мәселеден хабарсыз екенін айтады. Кейбірі «біздің де мерекеміз болады ма?» деп қуанып жатыр. Сонымен «Кітапханашылар күні» мерекесі қағаз жүзінде бекітілді ме? Кім біледі, кімнен сұраймыз?

Гүлмира Мағлұмқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: