Сенбі, 20 сәуiр, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Көпбалалы отбасына қандай көмек көрсетіледі?

30.08.2022

1091 0

Көпбалалы отбасы – бе­реке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отба­сында дүниеге келген деген сөз жиі айтылады.

Жалпы көпбалалы отбасы­ларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі? Бұл сұраққа қалалық жұ­мыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева жауап берді.

– Қазіргі таңда қала бойынша көп балалы алтын алқа, күміс алқалы аналар саны 3447. Ал төрт және одан да көп балалы отбасы саны – 12660. Мемлекет та­ра­пынан республикалық бюд­жеттен көпбалалы ана­ларға ай сайын бала санына қарай жәрдемақы төленуде. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға да мем­лекеттік атаулы әлеу­меттік көмек төлеуде. Биыл­дың алты айында 5581 отбасы­на көмек көрсетілген, – деді бөлім басшысы.

Мақаланы жазу барысында Перизат есімді көпбалалы анаға хабарласып, пікірін білдік.

– Мен көп балалы бол­ғаныма шүкір айтып, қуана­мын. Әрбір бала үлкен бақыт қой. Балаларым үй шаруасын өздері дөңгелетіп отыр. Бір-біріне  қарайласады, кө­мек­теседі. Олар ешқашан ешкімнен көмек күтпейді. Өте қуаныштымыз. Әрқайсысын бірдей жақсы көреміз. Әйел үшін бұдан артық бақыт жоқ. Осылардың рахатын көрсек деп жүрміз. Балаларымның әрқайсысы елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім­дімін, – дейді алтын құрсақты ана Перизат Болатқызы.

Біз өз кезегінде ұлын  –ұяға, қызын – қияға қондыр­ған, бүгінде бүтін бір әулет­тің тірегіне айналған, немере­лердің қызығына тоймай жүрген Сәуле Сайдова есімді әжемен тілдескен едік.

– Жас отбасыларға «өмірге ұрпақ әкелсеңдерші» десең ба­сында баспана, өзін де жұмыс жоқтығын айтады. Олардың екі-үш баламен шек­телуі жай қорқыныш сезім ғана. Бірақ одан қорқудың қажеті жоқ, әр баланың өз несібесі бар. Көп бала бірін-бірі жетелеп, қарайласып өсе­ді. Бір төсекте құшақтасып өскен бала мейі­рімді болады, – дейді ол.

Р.S. Көпбалалы отбасы – қоғам байлығы. Ұрпақ жалғастығы қай ұлт үшін де маңызды. Көпбалалы үйдің балалары бауырмал келеді деген де ұғым бар. Бір-біріне қарайласып, көмектесіп жүрген жас шамасы жақын балаларды көріп сүйсінесің. Бұл ата-анасынан алған тәрбиенің жемісі болса керек. Баланы тәрбиелеп, болашағы жарқын азамат өсіріп шығару үлкен еңбекті талап етеді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: