Сейсенбі, 21 мамыр, 05:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Көтерілген мәселе назардан тыс қалмайды

17.02.2023

619 0

​Халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелер аз емес. Осы ретте, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында шаһар басшысы Асылбек Шаменов қала тұрғындарын жеке қабылдады.

​Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, көше атауы, жол, газ, жарық, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.

​Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы талап-тілегін арқалай келген 60-тан астам тұрғынды әдеттегідей орынбасарлары, бөлім басшыларымен бірге тыңдап, ұсыныстарына жауап берді және көтерілген мәселелердің рет-ретімен шешілетіндігін жеткізді.

​Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: