Жұма, 29 наурыз, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Конституция – кемел келешек кепілі

31.08.2022

840 0

Достық үйінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Конституция – кемел келешектің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми сарапшылық тобы, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері және дін, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен  бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерді ортаға салу болып табылады.

Шара модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов алғы сөзінде «Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Бүгінгі күні татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Олар достық туын жоғары көтере біліп, ел экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді», -деп айтып өтті. 

Шарада «Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар көзіне айналғандығын тілге тиек етті.

Ал «Ата заң – елдік тұғыры» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, философия ғылымдарының докторы Дәулет Омаров Халықта өткенді білмей, болашақты болжау қиын деген нақыл сөз бар. Конституция қабылданғаннан бергі уақыттағы тарихи өлшемдер біз үшін бүкіл өткен жолымызды таразылап, ой елегінен өткізуге толық мүмкіндік беретін белгілі бір үлкен кезең. Ширек ғасырлық тарихы бар ата Заңымыз кез келген құқықтық актіден жоғары тұратын басты Заң. Ол ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, егемендіктің құқықтық негізі, ең жоғары заңдық күшке ие құжат екендігін атап өтті.

Шара соңы пікір алмасуға ұласты.

#Сыр_бірлігі

#Қоғамдық_келісім

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: