Сейсенбі, 16 шiлде, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Корея сапары: Жаңа технологиялар. Жарқын бастамалар

07.06.2023

551 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелден инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 22-24 мамыр аралығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Корея Республикасының Сеул қаласына барды. Іссапардың басты мақсаты – өңірге, өндіріс саласына шетелдік инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу. Аймаққа озық технологиялар әкелу және тәжірибе алмасу бағытында өзара ынтымақтастық орнату.Делегация мүшелері бірқатар іскерлік кездесулерге қатысты, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Кореяның білім және ғылым, биотехнология, медицина, жасанды интеллект салаларындағы жетістіктері әлемге танымал болғандықтан, білім және ғылым салаларында бірлескен жобаларға баса мән берілді.Шинхан университетінің президенті Канг Сонг Чонг мырзамен кездесуде Қызылордада университет филиалын ашу ұсынысы талқыланды. Шілде айында Шинхан университетінің президенті Қызылордаға іссапармен келіп, университет филиалының қандай мамандықтар бойынша ашылатыны нақтыланады.Облыс әкім бастаған делегация Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесті. Кездесуде Сеултех пен Қорқыт Ата университеті меморандумға қол қойды. Корея мен Қазақстан арасында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін биыл Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университеттік жоба әзірленді. Жоба Корея Республикасының Үкіметінде мақұлданып, Білім министрлігінен гранттық жоба ретінде 1 млрд теңгедей қаржы бөлінеді. Оның аясында Қорқыт Ата университетінде жасанды интеллект мектебі құрылады.Осы сапарда Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырзамен өңірлер арасындағы байланысты өркендету үшін бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойылды. Чоллабук-до провинциясының губернаторы Ким Гван Ён мырзамен кездесуде озық инновациялық технологияларды зерттеуге, «Ақылды фермалар» құруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Бастамалардың барлығын жүйелі іске асыру үшін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен Чоллабук-до провинциясының Халықаралық ынтымақтастық орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.Осы провинцияда орналасқан Ауылдық аймақтарды дамыту агенттігінде күріш өсірудегі инновациялық әдістерді, технологияларды қолдану, суды үнемдеу мен мониторингілеудің озық тәжірибелерін енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісім жасалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: