Сенбі, 27 қараша, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

КСРО құжатымен жүрген 26 адам ҚР төлқұжатын алды

22.10.2021

389 0

Елімізде мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды анықтау бойынша акция жүргізілуде. Нәтижесінде республика бойынша 6 мыңнан аса құжатсыз жүрген азаматтар анықталды. Олардың басым көпшілігіне өздеріне тиісті жеке басын куәландыратын құжаты табысталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев мәлімдеді.

«Шараның мақсаты − құжатсыз жүрген немесе КСРО кезіндегі құжат негізінде қалған азаматтарға жеке бас құжатын рәсімдеу болып табылады. Өздеріңізге мәлім, жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын шектейді. Сондай-ақ, қажетті жәрдемақы немесе басқа да әлеуметтік көмектерді алуды рәсімдей алмайды. Білім алу және денсаулық сақтау қызметтерін пайдалануда қиындықтар болады. Сол себепті, акция шеңберінде жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларға тиісті көмектер көрсетілуде. Құжаты жоқ азаматтың көпшілігі Алматы, Шымкент, Түркістан, Жамбыл облыстарында тіркелді. Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан іс шараның маңыздылығына орай 2022 жылдың мамыр айына дейін жалғасатынын хабарлады», – деді Ғани Зиябекұлы.

Сондай-ақ баспасөз конференциясында Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага құжатсыз жүрген азаматтардың әлі де көптігін айтып, бюроның атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

«Республикада мәртебесі анықталмаған және құжатсыз тұратын адамдарды анықтау жөніндегі акция жалғасуда. Өткен жылдың қыркүйек айында ішкі істер министрлігі Үкіметтік емес ұйымдармен оның ішінде Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюросы ауқымды сәйкестендіру компаниясын іске қосты. Азаматтығы жоқ адамдарды ешбір санатта жоқ деуге болады. Өкініштісі, елімізде еш құжатсыз күн көріп жүргендер әлі де бар. Тіпті ата-әжесі, ата-анасы, баласы, яғни үш толқынның еш жерде тіркелмегені анықталып жатыр», -деді Д.Дживага.

Одан әрі Қызылорда облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Қамитбеков облыстағы жағдайды баяндады.

«Облыста 26 адамның ескі үлгідегі құжатпен жүргені мәлім болды. Олар ҚР азаматтылығына тиісті екені анықталып жеке бас құжаттары берілді. Одан бөлек, осы жылы облыс бойынша 34 шетелдік тұрақты тұруға қалдырылған. Тұрақты тұруға келгендердің басым бөлігі – этникалық қазақтар мен тұрмысқа шыққан шетелдік әйелдер», – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Сондай-ақ брифингте «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының заңгері Элина Еникеева аталған мәселелер бойынша тұрғындарға ақысыз қызмет көрсететінің хабарлады.

Біздің мекеменің заңгерлері облыстағы жеке бас құжаты бойынша мәселелері бар тұрғындарға ақысыз түрде тиісті шаралар жүргізеді. Орталыққа жеке бас құжаты көрсетілмеген немесе азаматтығы жоқ тұрғындар өз өтініштерін білдіруге болады», -деді Э.Еникеева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: