Сенбі, 18 мамыр, 05:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Мәслихат хатшысы елорда атауын өзгертуге қатысты шығындарға түсінік берді

15.09.2022

721 0

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов елордаға Астана атауын қайтару кезінде болуы мүмкін шығындарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылы әкімдік тарапынан маңдайшаларды, бланкілерді, мөрлерді өзгертуге 30 млн теңге жұмсалған. Ал соңғы үш жылда барлық мемлекеттік органдар цифрлық құжат айналымына көшті.

«Менің ойымша, цифрлық құжат айналымына көшіп жатқанымызды ескере отырып, биылғы жылы шығындар әлдеқайда аз болады. Себебі қазір көптеген мемлекеттік орган ресми бланкімен ештеңе жібермейді. Барлығы ЭЦҚ қолданады», – деді мәслихат хатшысы.

Ерлан Каналимовтың сөзінше, елорда атауын өзгерткен жағдайда орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен, ал жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігінен бас шаһарға Астана атауын қайтаруға қатысты қосымша шығын болмайтынын мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: