Жұма, 23 ақпан, 06:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Масленица – қыс пен көктемнің кездесуі

07.03.2022

833 0

Қызылорда облысында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Масленица» мерекесі өтті.

Мерекелік шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Масленица – бұл бір апта бойы атап өтілетін қыс пен көктемнің кездесуіне арналған мереке. Әр күнді мерекелеудің өз ерекшелігі бар.

Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов қатысушыларды шұғылалы көктемнің келуімен, Масленица мерекесімен құттықтады.

Мереке «Сударушки» вокалдық тобы мен әншілердің орындауындағы көңілді әндермен, әсерлі билермен жалғасты. Сондай-ақ балалар ертегілерінің желісі бойынша қойылымдар қойылып, қозғалмалы ойындар өтті.

Достық үйінің фойесінде «Славяне» орталығымен белсенді жұмыс істейтін мектептер ұсынған славян тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар мерекенің дәстүрлі тағамы құймақтан дәм татты.

Қысты шығарып салу және көктемді қарсы алу мерекесі тұлыпты өртеумен аяқталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: