Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

McDonald’s Қазақстанның бүкіл аймағындағы мейрамханаларының жұмысын тоқтатты

17.11.2022

511 0

McDonald’s Қазақстанның барлық аймақтарындағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстандағы McDonald’s жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жылғы 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады», – делінген бейсенбі күнгі ақпаратта.

Баспасөз қызметі Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанын атап өткен. 

«Қазақстанның Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Food Solutions KZ ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңге аударды», – дейді мекеме.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: