Сенбі, 04 мамыр, 17:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мектеп ауласында 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

22.07.2023

301 0

Көкшетауда Әуелбеков көшесі 177 мекенжайында орналасқан №16 орта мектептің аумағында қыз баланың асылып қалғаны анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суыт оқиға туралы 102 арнайы желісіне 20 маусым күні телефон шалынған. Полиция асылып қалған 2004 жылдың 18 қыркүйегінде туған 19 жастағы қыз екенін анықтады.

Қайғылы оқиға орнына Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы аттанған. Қыздың Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабының 1 тармағы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, оқиғаның болуы себептерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: