Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мектепке жол: Сыр мешіттері 1700-ге жуық баланы қуантты

26.08.2022

655 0

ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының қарсаңында өтетін республикалық шара аясында Сыр мешіттері биыл да қалыс қалмады. Мектепке қажетті құралдар мен киімдер шарықтаған шақта әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға демеу болып, балаларға қуаныш сыйлауға асықты. Нақтырақ айтар болсақ, өңірге қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларында орналасқан құлшылық үйлерінде қызмет етуші имамдар мен белсенді азаматтар облыс бойынша 1700-ге жуық қызылордалық оқушыға оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, кеңсе тауарлары дүкеніне сертификаттар мен киімдер түрінде көмек көрсетті. Айта кетейік, өткен жылы Болатбек Ұласқанұлы бастаған сырбойылық дін қызметкерлері 1000-нан астам оқушыға қолдау білдірген болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: