Жұма, 10 мамыр, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Мектептердің бірінде шатыр құлап, 10 адам қаза тапты

24.07.2023

260 0

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының Цицихар қаласында мектеп спорт залының төбесі түгелдей опырылып 10 адам қаза тапты. Бұл туралы CCTV басылымы хабарлады.

Спортзал ішінде алғашында19 адам болған, оның төртеуі өз бетінше шығып кеткен. Ал 15-і үйінді астында қалды. Құтқарушылар қаза тапқан 10 адамның денесін шығарды, төрт адам аман қалды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, спорт залына іргелес жатқан оқу кешенін салу кезінде құрылысшылар шатырға перлит төсеу ережесін бұзған. Жауын-шашын кезінде перлит сужинай берген, бұл шатырдағы жүктеменің артуына және опырылып құлауына әкеліп соққан. Оқу кешенінің құрылысына жауаптылар ұсталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: