Жұма, 26 сәуiр, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Министр елімізде көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады

05.08.2022

737 0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшелерде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қалай ойлайсыз, көшеде түкіруге тыйым салу керек пе? Мысалы, Еуропада ондай проблема жоқ. Ал бізде аялдамалар мен қоғамдық орындарда түкіріктен аяқ алып жүру қиын», –  деп сұрады журналист.

«Мен қолдаймын. Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын… Бұл мәдениет, бұл гигиенаға және тәрбиеге қайшы. Бәріміз бірге депутаттарға осындай бастама көтеруіміз керек», – деді министр.

Сондай-ақ ол мұндай бастама заңға енбей тұрып әуелі қоғамда талқылануы керектігін баса айтты.

«Тыйым салу деген сөз, заң тұрғысынан алсақ, салдары жауапқа тарту мәселесін қозғауы мүмкін. Сондықтан әбден пісіріп, қоғам талқысынан өткізу керек деп ойлаймын», –  деді Ажар Ғиният.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: