Жұма, 19 сәуiр, 03:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мүгедектігі бар жандар күніне орай кездесу өтті

03.12.2020

816 0

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар адамдар арасында кездесу ұйымдастырылды. Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстарын айтып, тақырып аясындағы пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті.

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрулері үшін ұсыныс-пікірлері әркез назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы бағытта. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын жандарға тиесілі жан-жақты көмек көрсетілуде, – деді Шәріп Әбдірахманов.

Сондай-ақ,атаулы күн қарсаңында өткен кездесуге қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктер мен қолдауларды, қоғам тарапынан көрсетілетін негізгі қамқорлық бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде деп бағалады.

Жиында сөз алғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі мәселелерді назардан қалдырмай, қол ұшын созып жүргендерге алғысын жеткізді. Кездесуге келгендер атаулы күн қарсаңында қайсар жандарға көздеген мақсаттар мен аңсаған армандарына жету жолында күш-қуат берсін деп тілектестігін білдірді.

Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен «Халықаралық мүгедектер күні» 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға баса назар аударуды мақсат етеді.

Мәселен, Қызылорда қаласында мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша қаланың ауылдық округтері мен кенттерінде аула клубтары, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығын ашу мақсатында шағын компьютерлік орталықтар жұмыс жасауда.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 12645 адам, оның ішінде 1, 2 топ – 6202, 3 топ – 4167 және 2276-сі мүгедек балалар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: