Сейсенбі, 07 мамыр, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мүгедектігі бар жандарға қандай жағдай жасалуда?

03.12.2022

722 0

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсан – Мүгедектер күні деп жариялаған. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні – тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі таңда аймақта 31 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның 6 мыңға жуығы кәмелет жасына толмаған балалар. Биыл осы мүгедектігі бар жандардың 90,1 пайызы әлеуметтік оңалтудың арнайы шараларын қабылдаған. Сондай-ақ жыл басынан бері 2 мыңға жуық адамға стационарлық және жартылай стационарлық жағдайында арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетілген.
– Облыста өткен жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін барлық техникалық оңалту құралдары мен қызметтер әлеуметтік қызметтер пор¬талы арқылы жүргізілуде. Кедергісіз орта қалып¬тастыру бағытында облыста 2025 жылға дейін 1294 нысанда мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы ету жос¬парланса, осы жылы 277 нысанға стандартқа сәй¬кестендірілді. Сонымен қатар өңірде 32 инватакси қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүруі үшін олардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып отырамыз, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Болатқызы.
Тағдырдың жазуымен осындай күй ке¬шіп жүрген адамдар үшін мемлекет ар¬найы мүмкіндіктер қарастырып қойған. Брифингте мүгедектігі бар азаматтарға жыл басынан бері көрсетілген арнаулы көмектер туралы да айтылды.
– Жыл басынан бері өңірде көптеген ауқымды жұмыс атқарылды. Оның бірі мүгедектігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік мекемелерге рейд жүргізілді. Бұған қоса, ай сайын қолөнермен айналысатын жандардың басын қосып, жәрмеңке ұйымдастырылуда. Одан бөлек, aleumet.egov.kz порталы іске қосылды. Бұл мүгедектігі бар жандарға қолайлы сервис. Осы порталды қолдану үшін оқыту курсын өткіздік. Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды, – деді «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағатбек Сиюов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: